«ЭКСПО-2017» көрмесінен кейін Финляндияның бірнеше ірі компаниясы Қазақстанда жұмыс істеуін жалғастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» көрмесінен кейін Финляндияның бірнеше ірі компаниясы Қазақстанда жұмыс істеуін жалғастырады

15.08.2017

Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Финляндияның энергетикалық күні» атты форумда айтылды. Шараға қос елдің белді сарапшылары, дәстүрлі энергетика өндірумен айналысатын мамандары қатысты. Жиында тараптар жаңа технологияларды игеру арқылы энергия тиімділігін аттыру жолдарын қарастырды. Финляндияның бұл бағыттағы тәжірибесі мол. Сондықтан, олар қазақ нарығына саладағы білген-түйгендерін енгізбекші. «Өйткені, Қазақстан халықаралық «ЭКСПО» көрмесі арқылы энергетикалық әлеуеті жоғары екенін дәлелдей білді»,- дейді финдық мамандар. 

Хабарламаларға жазылу