Еуразиялық үкіметаралық кеңесі жиынынан кейін премьер-министрлер «ЭКСПО» қалашығына барды. Үкімет жетекшілері алдымен «Нұр әлем» ұлттық павильонын аралады. Әрбір қабатқа тоқтап, өндірілетін энергия түрлерін тамашалады. Кейін биіктіктен Астананың келбетіне көз жүгіртіп, елорда туралы деректі фильмдер тамашалады.