«ЭКСПО» туралы қызықты деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» туралы қызықты деректер

11.09.2017

Көрмеде жұмыс істегендер де, оны тамашалағандар да «ЭКСПО»-мен қимай қоштасты. Ал ауқымды шараны ұйымдастырушылар «ЭКСПО»-ға қатысты қызық деректерді ұсынып отыр.

Көрмеге 178 елден адам келген. Жалпы, «ЭКСПО»-ға үш айдың ішінде 4 млн-ға жуық адам кіріп-шыққан. Көрменің аумағын толығымен аралау үшін 96 сағат қажет екен. «ЭКСПО» аумағында 93 күннің ішінде 3,5 мың мәдени іс-шара өтті. Алып шар – «Нұр Әлем» павильонын салу үшін 13 мың тонна металл мен 2800 бірегей әйнек қолданылған. Сфераның жалпы аумағы: 22 мың шаршы метр. Ал, көрменің барлық нысандарын салу үшін 56 мың тонна металл, 500 мың тонна бетон кеткен. «ЭКСПО»-ға 53 елдің мемлекет және үкімет басшылары келіп, көрменің құрметті қонағы болған. Жұмыс істеген еріктілер саны – 4500. Үш ай ішінде келушілер көрме аумағында 100 млн-нан астам суретке түскен. Сондай-ақ, «ЭКСПО»-да үйлену туралы 88 ұсыныс жасалған. Ғалымдар 153 ғылыми жаңалық ұсынып, 33 мың әртіс өнер көрсеткен екен.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу