Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі Латын Америкасы елдеріне баламалы қуат көздерін дамытуға тың серпін бермек. Себебі, халықаралық шара «болашақ энергиясын» тиімді пайдалануды насихаттайды. Мәселен, Парагвай – таза энергия өндіру бойынша әлемдегі ең үздіктердің қатарында. Бразилиямен бірігіп басқаратын «Итайпу» су электр стансасы мемлекетті 90 пайыз жарықпен қамтып отыр. Енді Күн мен желден қуат алуды дамытпақ. Көрме аясында Парагвайдың ұлттық күні аталды. Мерекелік кеште мемлекеттің төл өнері ұсынылды. Меймандар өнерпаздардың ән-биін тамашалап, музыкалық аспаптарда ойналған ұлттық шығармашаларын тыңдады.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ