Еуропалықтар өз павильонына келген ата-аналар мен балғындарға тосынсый жасады. Ең жас келушілерге арнап сурет сызатын орын дайындады. Әрі ертегі кейіпкерлерімен суретке түсуге мүмкіндік берді. «Мұның бәрі жас көрермендер үшін ұмытылмас әсер қалдырғанына сенімдіміз», - дейді Финляндия павильонының өкілдері.
«Балалар - біздің ең талғампаз көрермендеріміздің бірі. Сондықтан, оларды қуанта білсек, біздің ісіміздің жемісті болғаны», - дейді ұйымдастырушылар.
Ғабит БӨКЕНБАЙ