Астаналық бір топ журналистер «ЭКСПО» көрмесіндегі Катар павильонын арнайы аралатып, таныстыратын баспасөз-турына қатысты. Павильон директоры Мұхаммед Саид Әл-Блоши тілшілерді өзі бастап жүріп, «Жаңа энергия көкжиектері» павильонының 7 аймағын көрсетті. Қонақтар мемлекет тарихымен танысып, Катар экономикасының озық салалары туралы ақпар алды.
«Энергияның жаңа келешегі» аталатын павильонның 500-ге жуық шаршы метрі аймақтарға бөлінген. Олардың арасында «Серпінді Катар», «Болашақ технологиялары» және «Тұрақты қауымдастық - барлығына арналған энергия», сондай-ақ, «Адам энергиясы – біздің басымдылығымыз» атты аймақтар бар. Әрқайсысында тақырыбына сай дүниелер қойылған.