Грекия парламент сайлауында солшыл «СИРИЗА» коалициясы 39 пайыз дауыс жинады.
Олар парламентте 150-ге жуық орын алып, Үкіметті жасақтауға мүмкіндік алады. «СИРИЗА» партиясының көшбасшысы Алексис Циприс Еуроодақтан шығатынын мәлімдеген еді.
Грекияның сыртқы қарызы 340 миллиард еуроға жеткен. Елдегі орташа айлық – 500 еуро. «СИРИЗА» партиясы бұл көрсеткішті 750 еуроға жеткізбек.
Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ