Астанада «Breakdance» биінен әлемнің 4 дүркін чемпиондары өнер көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Breakdance» биінен әлемнің 4 дүркін чемпиондары өнер көрсетеді

03.07.2017

Әйгілі топ елордаға «ЭКСПО» көрмесі аясында тамыздың 10-да келмек. Мұны бүгін Австрия елшісі Герхард Сайллер баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Бұл топ әйгілі композитор Иоган Себастьян Бахтың классикалық музыкасына билейді. Яғни, «Флайн Степс» тобы классикалық аккордтар мен брэйкданс қимылдарын үйлестіре білген.

Сондай-ақ, ертең Астанада Қазақстандық-австриялық тұрақты технологиялар күні өтеді. Онда Күн энергиясы, су энергетикасы, ақылды қалаларды салу жөнінде семинарлар ұйымдастырылады. Ал, осыған дейін көрме барысында Австрия-Қазақстан бизнесмендерінің кездесуі өткен еді. Оған бұл елден 100 инвестор келді. 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу