Қаныбек Сағынбаев бильярдтан өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаныбек Сағынбаев бильярдтан өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

25.09.2014
Қаныбек Сағынбаев бильярдтан өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

 «Тараз-Арена» спорт сарайында  бильярд спортынан өтіп жатқан «Динамикалық пирамида» бойынша Әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Жамбыл облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы. 

Жарысқа әлемнің 19 елінен 53 спортшы қатысты. Олардың арасында ресейлік Сергей Тузов, Никита Ливада және Александр Чепиков сынды Әлем чемпиондары бар.

Қазақстан құрамасында үш дүркін Әлем чемпионы Қаныбек Сағындықов, Әлем чемпиондары Әлихан Қаранеев, Ернар Шымбаев, 2013 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Алмас Әбсейіт бар.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу