Көптен күткен EXPO-2017 көрмесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көптен күткен EXPO-2017 көрмесі басталды

09.06.2017
Көптен күткен EXPO-2017 көрмесі басталды

Астанада көптен күткен EXPO-2017 көрмесі басталды. «EXPO-2017: Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесінің ашылу салтанатын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетуде.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы - көрменің ресми ақпарат таратушысы.

Ашылу рәсіміне 17 мемлекеттің басшылары  мен үкімет жетекшілері қатысады деп күтілуде.

Олардың ішінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Ауғанстан Президенті Ашраф Гани Ахмадзай, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди мен Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Мухамад Наваз Шариф бар.

Сондай-ақ, Испания королі Филипп VI, Сербия Президенті Александр Вучич, Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттель арнайы келді.

Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» ТМД елдері аумағында өтіп жатқан алғашқы көрме. Көрме аумағы 25 гектарды құрайды. Кешенде 115 мемлекеттің павильоны орналасқан.

Көрме өтетін үш айда Астанаға 2,4 миллион адам келеді. Олардың 15 пайызы - шетелдік туристер деп күтілуде. 

2012 жылдың 22 қарашасында Париж қаласында өткен Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) EXPO халықаралық бюросының Бас ассамблеясының 152-ші сессиясында Қазақстан ЭКСПО көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша, Астана 103 дауыс жинап, Бельгияның Льеж қаласын басып озды.  

Онлайн

Хабарламаларға жазылу