«Болашақ энергиясы. Ақылды өмір» деп аталатын көрмеге корей елінің жаңа технологиялық жұмыстары әкелінбек. Жарықты үнемдеудің тиімді тәсілдері, атап айтқанда, өсімдіктен қалай энергия алудың әдістері көрсетілмек. Оңтүстік Корея елінің павильон аумағы ЭКСПО-дағы ең үлкен көрмелерге жатады. 1804 шаршы метр. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Біріншісінде басты көрме залы орналасады, екінші қабатта Оңтүстік Корея елінің мәдениетімен танысуға мүмкіндік болады.
Жалпы, бұл елдің ЭКСПО тарихында өз орны бар. 2008-жылы Испанияда өткен көрмеде «Ең үздік павильон» атағын алса, 2010-жылы Шанхайда болған шарада ең танымал павильон атанған. Ал, 2015-жылы Миланда «ең үздің көрме дизайны» ретінде көзге түскен. «Енді Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесіне де барымызды саламыз», деп отыр.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ