Желаяқ мың шақырымнан астам қашықтықты 16 күнде бағындырып, халықаралық шараның ашылуына қатысуды жоспарлап отыр. Алыс сапарға шыққан Ғалымжан 4-ші күні Семейге келіп, елордаға тартты.
Айта кетерлігі, Қытайдан қоныс аударған жігіт - 7 жылдан бері Қазақстанда тұрады. Кір тасын көтеріп, жүгірумен айналысады. Көрмеге билетті оған Өскемен жергілікті әкімшілігі сыйға тартқан көрінеді. 28 жастағы әуесқой спортшы осы қадамы арқылы «ЭКСПО-2017» көрмесін өз энергиясымен ұлықтап, оны ауыл-ауылға насихаттауды көздеп отыр.
Дарын САҒИТОВ