11 маусым және 12 тамыз күндері астаналықтар мен қала тұрғындары EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясында Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсын тамашалай алады.
«Абай» операсы – қазақ музыка өнерінің ең озық жетістіктерінің бірі. Операның жаңа қойылымын жасауда Қазақстан мен Италияның біріккен шығармашылық ұжымы еңбек етті: қоюшы дирижер – әйгілі қазақстандық дирижер, Қазақстанныңеңбек сіңірген қайраткері, композитор А. Жұбановтың шөбересі Алан Бөрібаев, қоюшы режиссер – итальяндық режиссер Джанкарло дель Монако (театралдық администратор, белгілі опера әншісі Марио дель Монаконың ұлы), режиссердің кеңесшісі – Қазақстанның Халық әртісі, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің кавалері, профессор Есмұқан Обаев.
Операның көркемдік безендіруін итальяндық шеберлер – қазіргі заманның белгілі сценографы – Эцио Фриджерио және костюмдер бойынша суретші Франка Скуарчапиноіске асырды, олар астаналық көрермендерге «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі», «Ромео мен Джульетта» және «Бақшасарай бұрқағы», «Баядерка» сияқты спектакльдер арқылы таныс. Режиссердің ассистенті – Ерен Тойкенов.
Либретто авторы – Мұхтар Әуезов.
Өтетін орыны: «Астана Опера» Театры
Күні: 11 маусым, 12 тамыз
Уақыты: 18:00
expo2017culture.kz