Астанада «Хиросима мен Нагасаки туралы естеліктер» көрмесі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Хиросима мен Нагасаки туралы естеліктер» көрмесі ашылады

06.08.2014
Астанада «Хиросима мен Нагасаки туралы естеліктер» көрмесі ашылады

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Хиросима мен Нагасаки туралы естеліктер» атты көрме ашылады. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлайды.

Көрермендер назарына фотостендтер, атом тауқыметі мен қасіреті туралы деректі фильм, бомба жарылысынан аман қалғандардың естелік жазбалары ұсынылмақ. Одан бөлек, көрмеге келушілер өз тілегін жазып қалдыруына болады. Бұл тілектердің барлығы Нагасаки әлемінің мемориалды кешенінде сақталады.

Айта кетейік, мұндай көрме 2005 жылдан бері әлемнің әрбір елінде өткізіліп келеді. Астаналықтар көрмені 25 тамызға дейін тамашалай алады. Сондай-ақ, аталған көрме Алматы мен Семей қалаларында да ашылмақ. 

Хабарламаларға жазылу