Бұл келісімнің қала кәсіпкерлеріне берері мол. Өйткені, олар жалпыұлттық жобаға өз үлесін қосып, құрылысқа қажетті сапалы өнімдерін жеткізеді. Бүгінде ірі мегаполистің әлеуеті өте жоғары.
Елдің басты локомотиві саналатын аймақта ғылым мен білім дамыған. Ал, бұған дейін «ЭКСПО» жобасына алматылық бизнесмендердің қатысы белсенді болмаған. Енді, өңір кәсіпкерлері келісімге сәйкес, аса маңызды жобаларға кіріседі.
Алмат ӘБДІРАМАН