Жамбыл облысының тауар өндірушілері «Астана ЭКСПО-2017» ҰК бас мердігерлерімен және басшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысының тауар өндірушілері «Астана ЭКСПО-2017» ҰК бас мердігерлерімен және басшыларымен кездесті

12.08.2015
Жамбыл облысының тауар өндірушілері «Астана ЭКСПО-2017» ҰК бас мердігерлерімен және басшыларымен кездесті

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы мен Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдері арасында арнайы меморандумға қол қойылды.

«Тауар жеткізушілерге қойылатын басты талаптар – баға, сапа және жеткізу мерзімі. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесінің идеясы «Болашақ энергиясына» шоғырланғандықтан, жеткізушілерге қойылатын тағы бір талап – бұл тауарлардың экологиялық қауіпсіздігі. Экологиялық қауіпсіздік туралы сертификат бәсекеге қабілеттілік мәселесінде үлкен рөл атқаратын болады», - деп атап өтті өз сөзінде «Астана «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарушы директоры – баға, сатып алулар және жергілікті мазмұн маркетингі жөніндегі департамент директоры Анна Боева.

Жамбыл облысындағы кәсіпорындар «Жамбылгипс» АҚ, «Азмина-Мрамор» ЖШС, «Жамбыл цемент өндіру компаниясы» ЖШС, «Арайстроймаркет-2003» ЖШС басшылары өз өнімдерінің сапасы, өндіріс көлемі және шығарылып отырған материалдардың артықшылықтары туралы ақпарат берді.

Ресми бөлімнің соңына қарай бас мердігерлер мен аймақтық жеткізушілер жұмысқа қатысты мәселелерді талқылап, іскерлік байланыстарды үзбеуге келісті. 2016 жылдың 26 мамырында «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК және Жамбыл облысының әкімдігі облыстағы тауар өндірушілерді ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің құрылысына тарту туралы меморандумға қол қойғанын еске саламыз.

Хабарламаларға жазылу