EXPO қалашығы аумағында 38 нысан салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO қалашығы аумағында 38 нысан салынады

23.10.2014
EXPO қалашығы аумағында 38 нысан салынады

EXPO кешені Назарбаев университетінің маңында 175 гектар аумақта орналасады. Қазақстанның ұлттық павильонының ауданы 7 855 шаршы метрді құрамақ.

Бұл туралы көрмеге қатысушы елдердің  бірінші кездесуінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Сәулет және құрылыс департаментінің бас менеджері Айдар Марат мәлімдеді.

Департамент басшысының айтуынша, EXPO  қалашығының құрылысына 8 мердігер компания қатысуда. 38 нысан салынады, деп жоспарланған.

«Көрменің инфрақұрылымын жасау арқылы бүгінгі Астананың тұрақты даму барысын көрсету қажет», деді А.Марат.

Кешен құрылысы 2016 жылдың желтоқсан айында аяқталады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Хабарламаларға жазылу