Ақмола облысындағы «Зеренді» демалыс аймағын дамытуға 1,3 миллиард теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы «Зеренді» демалыс аймағын дамытуға 1,3 миллиард теңге бөлінді

28.10.2019

Ақмола облысындағы «Зеренді» демалыс аймағын дамыту үшін 1,3 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ермек Мыржықбаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Енді ауылдың жолдары жөнделеді, жылу, су жүйелері жаңғыртылады. Ал Шучье-Бурабай демалыс аймағында коттедж қалашығы, отбасылық үлгідегі курорт және табиғи-мәдени мұра орталығы салынады. Облыс аумағында жүзеге асырылып жатқан тың жоба жетерлік. Бірақ кейбір аудандарда ауыз суға қатысты мәселе бар, оны шешудің тиімді жолдары қарастырылып жатыр.

Ермек Мыржықбаев, Ақмола облысының әкімі:

Қорғалжың жақтан су әкеле жатырмыз. Астрахань ауданы жақтан құжаттарын жасап жатырмыз. Сол жақтан су келеді. 70-80 шақырымнан су әкелеміз. Целиноград ауданында су қоры өте аз.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу