Ресейдің «Мульт» телеарнасы қазақ тілінде сөйлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің «Мульт» телеарнасы қазақ тілінде сөйлейді

20.02.2019

Елдегі барлық мемлекеттік сайт жабылады. Орнына бірыңғай интернет портал құрылады. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Сонымен қатар, елде цифрландыру бағдарламасы сәтті жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде алдағы 3 жылда ел аумақтары түгелдей цифрлық телевизияға көшеді. Осы тұста министр алыстағы ауыл-аймақтарға спутниктік қабылдағыштар тегін берілетінін айтты.

Ал, ресейлік «Мульт» телеарнасы жақында қазақ тілінде сөйлейді. Кішкентай көрермендерге арналған арнаның мультфильмдері мемлекеттік тілге тәржімаланады. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыста смартфон ұстауларына қайтадан рұқсат берілетін болды. Қазір оның жолдары қарастырылып жатыр. Ал, жүздеген сайтты топтастыратын бірыңғай портал осы жылдың сәуір айында іске қосылуы тиіс. Нәтижесінде қазынаның миллиардтаған қаржысы үнемделіп, тұтынушыларға сапалы қызмет ұсынылмақ.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Бұл портал қазір тестілеуден өткізіліп жатыр. Алдымен тұтынушылардың барлық қажеттілігі ескеріледі. Онда мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілетін болады. Жаңалықтардың жаңарылып тұруын қадағалап отыратын арнайы бөлім ашамыз. Яғни, бұл сала түбегейлі өзгеріске ұшырайды.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу