Астанада ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

26.04.2016
Астанада ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 33-қадамын орындау барысында Астанада ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Түзету мекемелеріне түскен азаматтарды қоғамға бейімдеу, мүмкіндігінше көмек көрсету мақсатында елімізде өткен жылдан бастап Пробация қызметі енгізілген болатын.

Бір жылдың өзінде 48 000 сотталған азамат пробация қызметінен өткен, яғни сотталушы күнделікті жұмысына барып, үйінде тұра береді, бірақ қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің қадағалауында болады. Осындай жаңа жүйенің арқасында бір жылда қайта қылмысқа барғандар саны 33 пайызға азайған.

Хабарламаларға жазылу