Жапония экономикасы рецессияға ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония экономикасы рецессияға ұшырады

09.01.2015
Жапония экономикасы рецессияға ұшырады

Жапония елі экономикасының өсімі соңғы кездері баяулап кетті. Елдің мемлекеттік қарызы жалпы ішкі өнім деңгейінен екі есе көп.

Берешекті азайтып, бюджет тапшылығын қысқарту үшін Синдзо Абэ үкіметі тұтыну салығын 5-тен 8 пайызға өсірді. Бұл шара тікелей рецессияға әкелді.

«Абэкономиканың» басты мақсаты – елді 10 жыл бойғы дефляциядан, яғни бағалардың арзандау кезеңінен алып шығу.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу