Локомотив қозғалтқыштары Астанада жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Локомотив қозғалтқыштары Астанада жасалады

03.12.2015
Локомотив  қозғалтқыштары  Астанада  жасалады
Локомотив  қозғалтқыштары  Астанада  жасалады

«Астана Дизель Сервис» серіктестігі локомотивке арналған дизельді қозғалтқыштар шығару мен жөндеудің толық циклін тұйықтайтын заводты іске қосады. Жаңа буын өнімі аталатын GEVO дизельді қозғалтқыштары отынға үнемді, қоршаған ортаға зиянсыз.

Оны Локомотив құрастыру зауыты тұтынатын болады. Бұл локомотив бағасын қолжетімді етіп, отандық тепловоздарға деген сыртқы сұранысты арттырады. Әрі темір жол жүк тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, дизельді қозғалтқыштарды шетелде жөндеуге кететін шығындарды азайтады.

Жоба құны 8,3 млрд теңгені құрап отыр. Жаңа зауытта 87 адам жұмыс істейді. Олар жылына 200 қозғалтқыш жасап шығармақ.



Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу