Қостанай облысына қарасты Затобол кентіндегі кәсіпорында синтетикалық түбіт өндіріледі. Кәдімгі қой, ешкі түбіті сияқты ұлпа материал жұмсақ жиһаз, сырт киім, ойыншықтардың ішін толтыруға жұмсалады. Сондай-ақ, кәсіпорын өңірдегі жиһаз цехтарын синтепонмен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Қазақ радиосының тілшісі Нұрқанат Құлабаев әхабарлады.
Кәсіпорын Белорусиядан полиэфир талшығын алдыртып, одан синтетикалық түбіт немесе холлофайбер деп аталатын жасанды талшық жасап шығарады. Бұл жұмсақ материал Астана, Көкшетау, Петровпавл қалаларындағы жұмсақ жиһаз жасайтын өндіріс ошақтарына саудаланады. Жасанды түбітті көрпе-жастықтың, жұмсақ ойыншықтардың ішіне салуға да болады. Ауқымды істер шағын қадамнан басталды. «Бастапқыда жиһаз бөлшектерін құрастырып, оны сатумен айналыстық. Кейін көп салалы өндіріске көшуге бел будық. Жуырда жиһаз шығаратын жеке цехымызды іске қостық. Оған өзіміз өндіретін синтепон мен жасанды түбіт пайдаланылады. 80-ге жуық жұмсақ жиһаз түрін жасап шығарамыз. Бұл жоспарымызды жүзеге асыруға мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы үлкен септігін тигізді. Қазір кәсіпорында 42 адам жұмыс істейді»,- дейді кәсіпорын басшысы Мырзаболат Кемелов.
Кәсіпорын биыл «Даму» қорының Қостанай филиалы арқылы 58 миллион теңге кепілдік қаржыға қол жеткізген. 116 миллион теңге несие қаржыға жаңа технологиялық желі және 3 қойма орнатылды. 14 пайыздық үстемақының жартысын мемлекет өз мойнына алып отыр.

Kaznews.kaztrk.kz