Бағаны энергия өндіруші ұйымдар қымбаттатып отыр.
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «АлматыЭнергоСбыт» серіктестігінің бас директоры Михаил Гамбургер мәлімдеді.
Оның айтуынша, Екібастұз мемлекеттік аймақтық электр станциялары электр энергиясын - 8,8 теңгеге, «Алматы электр станциялары» компаниясы - 8,6 теңгеге және Жамбыл электр станциясы - 8,7 теңгеге дейін өсірген.
Мұның барлығы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетімен келісе отырып жүзеге асып отыр.
Жазира ИСАЕВА