Атырауда нан бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда нан бағасы қымбаттады

20.10.2015
Атырауда нан бағасы қымбаттады

Кәсіпкерлер су мен электр жарығы және газға төленетін тариф құнының өсуінен амалсыз осындай қадамға барғандарын айтады. Жергілікті билік болса, нан бағасын көтеруге негіз жоқ, деп отыр.

Себебі, кәсіпкерлерге бірінші сұрыптағы ұн нарықтағы бағадан арзан берілген, дейді. Енді, әкімдік өкілдері бір аптаның ішінде нан бағасын реттейміз деп уәде етіп отыр.

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу