Кешегі балалар күні қарсаңында президент Тоқаев «Жұлдызай» фестивалінің гала концертіне барып, жас өнерпаздаздармен жүздесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кешегі балалар күні қарсаңында президент Тоқаев «Жұлдызай» фестивалінің гала концертіне барып, жас өнерпаздаздармен жүздесті

02.06.2019

Ерекше күтімді қажет ететін балалардың байқауы биыл 14-ші рет ұйымдастырылды. Халықаралық фестивальге соңғы 14 жылда 30 мыңға жуық бала қатысқан.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада еліміздің әр қиырынан келген талапты, талантты көпбалалы отбасыдан шыққан және ата-анасыз қалған балалармен кездесті. Мейрам күні бас қала мен бас ғимаратты көрген балғындар Президенттің батасын алды. Тіпті, келген 41 баланың әрқайсысы мемлекет басшысымен жеке-жеке суретке түсті.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу