Ерекше күтімді қажет ететін балалардың байқауы биыл 14-ші рет ұйымдастырылды. Халықаралық фестивальге соңғы 14 жылда 30 мыңға жуық бала қатысқан.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада еліміздің әр қиырынан келген талапты, талантты көпбалалы отбасыдан шыққан және ата-анасыз қалған балалармен кездесті. Мейрам күні бас қала мен бас ғимаратты көрген балғындар Президенттің батасын алды. Тіпті, келген 41 баланың әрқайсысы мемлекет басшысымен жеке-жеке суретке түсті.
Альбина ӘШІМ