Кезектен тыс президенттік сайлау өткізу - уақыт пен заман талабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кезектен тыс президенттік сайлау өткізу - уақыт пен заман талабы

14.04.2019

Қазақ мемлекеті саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Апта басынан бері электораттың белсенділігі артып, ел ертеңі үшін дұрыс шешім қабылдау мақсатында терең ойлануға кірісті. Қазір саяси партиялар да аламанға қатысу үшін ат-әбзелдерін әлден әзірлеп жатыр. Әлбетте, ел өмірі мен мемлекет болашағына үлкен өзгерістер әкелетін саяси науқан кімді болсын бейжай қалдырмайды.

Қадірлі көрермен, бір нәрсе анық — әлемдегі әрі-сәрі ахуал мен геостратегиялық тұрақсыздық ұзын арқан, кең тұсауды көтермейді. Арқаны кеңге салып, президент сайлауын өткізуге асықпау бұқараны да абдыратары, әрі-беріден соң, бұл уақытқа дейінгі даму қарқынымызды да бәсеңдетері сөзсіз. Демек, мерзімінен бұрын, яғни кезектен тыс президенттік сайлау өткізу - заманның талабы һәм халықтың қалауы.

Сондай-ақ, байыпты бағамдай білген жанға биліктің ауыр эшелонының да кезекті үлкен науқанға мұқият әрі жан-жақты дайындықпен келгені байқалады. Жалпы, бұл үлкен үдеріске қатысты қоғамның ең белсенді топтары мен әртүрлі ұйым өкілдері қандай пікірде, алыс-жақын шетелдің саясаттанушылары қандай ойда? Ержан Қалымбайұлы баяндайды.

Хабарламаларға жазылу