Биыл Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына - 30 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына - 30 жыл

17.02.2019

Әдеттегідей еліміздің барлық өңірлерінде бұл шара аталып өтті. Ауған соғысына қатысқандарға құрмет көрсетілді.

Бұл соғысқа Тәуелсіз елдің азаматы көзқарасымен қарайтын болсақ, көп дүниеге көз жетеді. Бұл қырғында жеңген де, жеңілген де Ауғанстан болды.

Қырғи-қабақ соғыс өршіп тұрған тұста екі алып империяның бірінің тізесін бүктіру кейін әлем тарихының тұтас өзгеруіне ықпал етті. Бұл - үлкен жеңіс.

Алайда, ауған халқының 1,5 миллионы ажал құшты. Жараланып, мүгедек болып қалғандары қаншама. Бұқараның үштен бірі Иран, Пәкістанға қарай көшті. Ал, ең өкініштісі, Кеңес Одағынан соғыс мұра болып қалғандай. Тұрақсыздық пен соғыс әлі салтанат құрып тұр. Қазір халықаралық лаңкестік ұйымдардың ошағына айналғаны қынжылтады. Бес қаруын асынып, атыса жөнелу жергілікті халықтың ата кәсібіне айналып бара жатқаны өкінішті. Ауған соғысына қатысты Ержан Қалымбайұлының сараптамасы.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу