Тасқын қаупіне түбегейлі дайынбыз ба? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқын қаупіне түбегейлі дайынбыз ба?

17.02.2019

Апат қашан ескертіп келген?! Десе де, ауыл-аймақтағы ағайынның толарсақтан су кешіп, үй-жайсыз қалуы жылда қайталанады. Талай адам тасқын судың құрбаны болғаны да баршаға мәлім.

Өкінішке қарай, адам өмірін жалмаған жантүршігерлік апаттардан билік сабақ ала алмай отыр. Оқыс оқиға болады, билік әдеттегі дәстүрінен жаңылмайды. Қайғырып көңіл айтады, комиссия құрады, іс қозғайды, әйтеуір, бір шешім шығарып, істі жабады. Сонымен бәрі бітті.

Биыл да осылай болатын тәрізді. Бұған дейін Ішкі істер министрі болған Қалмұханбет Қасымов келтірген мәліметтер бірқатар ауыл-аймақтағы ағайынның басына бұлт үйірді. 500-ден астам елді мекенді су басуы мүмкін. Оған себеп көп. Күн күрт жылынады деген болжам бар, қар қалыңдығы әдеттегіден көп. Жығылғанға жұдырық, бірқатар өңірлер су тасқынына толық дайын болмай шыққан.

Осы аптада Үкіметтің кезекті отырысында су тасқынына қатысты жұмыстар пысықталды. Биыл осы бағытта бюджеттен 18 млрд-қа жуық қаржы қарастырылған.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу