Қытайдағы су тасқынынан он мың адам көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдағы су тасқынынан он мың адам көшірілді

22.06.2022

Қытайдың оңтүстігінде алапат тасқын ондаған мың адамды көшуге мәжбүр етті.

Аймақта жаңбыр тағы да жауады деген болжам бар. Гуандунде судың көтерілуіне және көшкін қаупіне байланысты оқу мен кеңсе жұмыстары доғарылып, қоғамдық көлік тоқтады. Ал, көршілес Цзянси провинциясында 500 мыңға жуық адам үйлерінің бүлінгеніне шағымданып отыр.

Толассыз жаңбырдан қалалардың кейбір бөліктерінде жолдар қирап, үйлерді, көліктер мен егістік алқаптарын топан су басқан. Ал, Чжэцзян провинциясында үрлемелі қайықтарға мінген құтқарушылар суда қалған ауылдардан тұрғындарды эвакуациялап жатыр.

Қытайда жаз айларында тасқын жиі болады. Одан көбінесе орталық және оңтүстік аудандар зардап шегеді.


Хабарламаларға жазылу