Франция Үкіметі «Депардье салығын» алып тастамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция Үкіметі «Депардье салығын» алып тастамақ

05.01.2015
Франция Үкіметі «Депардье салығын» алып тастамақ

2014 жылы күшіне енген салық түрі бойынша жылына 1 миллион еуродан астам табыс табатын Франция азаматтары табысының 75 пайызын салық ретінде қазынаға өткізу керек еді.

Бірақ елдің ауқатты азаматтары мен кәсіпкерлері бұл заңға қарсы шықты, шетел асып кетуге мәжбүр болды.

Мәселен, Францияның ең ауқатты адамдарының бірі Бернар Арно Бельгияға қоныс аударса, табысы мықты актер әрі режиссер Жерар Депардье Ресей азаматтығын алып, көшіп кеткен болатын.

 

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу