«Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді», дейді дана қазақ. Өкінішке қарай, Қазақстанда жетімдердің мәселесі әлі де күрделі. Мыңдаған бала жылы құшаққа, аялы алақанға мұқтаж. Ал, қаншама отбасы керісінше сәбиге зәру. Оларды бір-біріне қауыштыру өте қиын. Яғни, бала асырап алу мәселесі бір жолға қойылмай келеді. Көпті алаңдатқан бұл жайтты белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев былтырғы жылдың аяғында Президентке жеткізген еді.
Арада бір ай өтер, өтпестен ақжолтай жаңалық жетті. Елбасы бала асырап алу бойынша Ұлттық агенттік құру туралы тапсырмаға қол қойды. Енді жетімдер төңірегіндегі түйткілдердің түйіні толық тарқатыла ма? Заңды сауал.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.