Бала асырап алуға ниетті отбасылар енді арнайы курстан өтуге міндетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала асырап алуға ниетті отбасылар енді арнайы курстан өтуге міндетті

06.02.2020

Бұдан былай Қазақстанда бала асырап алғысы келетін отбасы мүшелері арнайы мектептің курсынан өтуге міндетті. Елімізде осындай кодекс күшіне енді. Өйткені жетімдер үйінің балаларын асырап алушылардың көбі кейін олардан қайтадан бас тартып жатқан көрінеді. Статистика жыл өткен сайын көбеймесе, азаяр емес.

Былтырдың өзінде 700 бала қамқорлыққа алынса, соның 235-інен қайта бас тартқан. Бұл екі жаққа да ауыр соққы.

Жалпы, қазір жетім балалар саны елімізде 2 есеге дейін азайған. 2013 жылы балалар үйінде 11 мың тәрбиеленуші болса, биыл көрсеткіш 4600-ге дейін кеміді. Дегенмен, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай өңірлерінде жәудір көздердің үлесі басым. Ал асырап алушы ата-аналарға арналған мектептер ашылғалы бері 1765 отбасы арнайы курстан өткен. Нәтижесінде бір мыңнан астам бала ата-ана тапты.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу