АҚШ үлкен ішкі саяси дағдарысқа душар болып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ үлкен ішкі саяси дағдарысқа душар болып отыр

13.01.2019

Кірпігінен қырау тамған АҚШ үлкен ішкі саяси дағдарысқа душар болып отыр. Онда үкіметтің жұмыс істемей тұрғанына 20 күннен асты. Сондықтан, жүздеген мың мемлекеттік қызметкер ақысыз демалысқа кетті. Кейбірі жалақысыз жұмыс істеуге мәжбүр. Супер державаның мұндай жағдайға ұшырауына шекара дауы себеп. Президент Дональд Трамп елге оңтүстікамерикалық мигранттарды кіргізбеу үшін Құрама Штаттар мен Мексиканың ортасына қорған тұрғызғысы келеді. Алайда, Конгрестегі демократтар бұл жобаға қаржы бөлмей қойды. Сондықтан, бюджет мақұлданбай, үкіметті таратуға тура келді. Ақ үй басшысы саяси оппоненттерімен ортақ мәмілеге келе алмаса, Америкада тіпті төтенше жағдай жариялап, қабырға құрылысына миллиардтаған долларды қалайда алуға бекініп отыр.

Трамп осылайша демократтармен дауласып жатқанда, мигранттардың солтүстікке көші жалғасып барады. Олар бұл керуенді сан мың әскер де тоқтата алмайтынын ескертті.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу