Тәуелсіздіктің елең-алаң тұсында қабылданған тарихи шешім. Қиын-қыстау кезеңдегі Президенттің күрескерлік, көшбасшылық қасиетінің бүгінгі жеңісі - Алты Алаштың мақтанына айналған Астана. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тағдырлы қарардың қалың қатпары мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайтпас қайсар қайраткерлігі туралы тың туынды шықты. «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында көрермен назарына ұсынылады. Осы аптада өткен картинаның премьерасына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты. Киноның авторы – соңғы кезде халық жүрегінен жол тапқан белгілі режиссер Ақан Сатаев. Туындыда елорданың Алматыдан Ақмолаға көшуі, сол тұстағы экономикалық қиындықтар, тұрақсыз саяси жағдайлар суреттеледі. Ел ішер ас, киер киімге зар болып отырған тұста астана ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы былайғы жұртқа қисынсыз көрінеді. Тіпті үзеңгілестерінің өзі бұл идеяға күмәнмен қарайды.
Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.