Ақтөбе облысында индустриялдық-инновациялық бағдарлама аясында соңғы бір жылда 14 өндіріс орны ашылды. Бұл кәсіп таппай құлазыған 400-ден астам жергілікті тұрғынның жұмысқа тұрып, нәпақа тауып, несібе айыруына сеп болды. Бұл өңір өзі экономиканың өн бойына қан жүгіртіп отырған төрт донор өлкенің бірі. «7-20-25» бағдарламасы бойынша облыстық қазынадан құрылысқа 2 млрд. теңге бөлген. Көңілдің қыры сынып, үйсіз жүрген 200 үйелмен баспаналы болды. Осы аптада Президент жұмыс сапармен Ақтөбеге де барып келді. Тіршілікті көрді, елмен тілдесті.
Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.