Президент жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барды

30.09.2018

Душанбе сапарынан кейін Елбасы Астанаға тартпай, ат басын бірден оңтүстік өлкеге бұрды. Миллиондар шаһары Шымкент қаласына барып, халықтың әл-ауқаты қалай, билік нендей тірліктің басын қайырып жатыр, сонымен танысты. Президент күзгі науқанды жыл сайын осылай аймақтарды аралаудан бастайтыны бар. Шалғайдағы өңірлердің шаруасын пысықтайды, әкімдердің есебін тыңдайды. Бірақ, Мемлекет басшысының оңтүстікке жасаған бұл сапарының жөні бөлек. Өйткені, Шымқала бұл жолы Президентті бұрынғыдай облыс орталығы ретінде емес, мегаполис қала ретінде алғаш рет қарсы алып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Шымкентті Астана мен Алматыдан кейінгі инвестиция шоғырланатын ірі орталыққа айналдыру қажеттігін талай рет айтқан. Міне, осы жолы мегаполис мәртебесін алған қаланың алғашқы аяқ алысын байқап көру үшін де ат басын бұрып отыр деуге болады. Бұл жолы Шымкент Елбасыға бірнеше  салада атқарылған жаңғырту, жаңарту жұмыстарын таныстырды.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу