Осы Түркістанды облыс орталығы деп жариялап, Жарлыққа қол қойған күні Елбасы Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. «Парламенттің және еліміздегі мемлекеттік органдардың қабылдаған бүкіл заңдары мен құқықтық актілері Конституция ережелеріне толық сәйкес келуі тиіс» деп ескертті Елбасы. Қабылдауда кеңес төрағасы Ата заңымыздың аясындағы құқықтық реформалардың жүзеге асырылу барысын және алдағы жоспарларын баяндады. Сондай-ақ, Конституция күнін мерекелеуге дайындық барысын мәлімдеді.