Конституциялық кеңес: 26 жылда 140 нормативтік қаулы қабылданған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституциялық кеңес: 26 жылда 140 нормативтік қаулы қабылданған

20.06.2022

5-ші маусымдағы референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер қоғам мен мемлекетті одан әрі жетілдірудің құқықтық негізін қалады. Ата-заңдағы түзетулер Жаңа Қазақстанның дамуына ықпал етеді. Бұл туралы бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми айтты. Жиында еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы Жолдау жарияланды. 26 жылда конституциялық кеңес 140-тан астам нормативтік қаулы қабылдаған. Қоғамда резонанс тудырған 30-ға жуық заң "конституциялық емес" деп танылып, керісінше бірқатар заңның Ата Заңға сәйкестігі расталған.

Қайрат Мәми, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы:

Конституциялық реформа аясында болған жаңалықтар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Аталған өзгерістер жеке адамның конституциялық бақылауға қол жеткізуін кеңейтуді қолдайды. Осылардың негізінде Конституциялық сот туралы конституциялық заңның жобасы әзірленіп жатыр. Болашақ сот конституциялық кеңестің оң тәжірибесін пайдалана отырып, баяндалған көп жұмысты жалғастырады деп ойлаймыз.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу