Еліміздің қорғаныс саласының қалыптасып дамуына үлес қосқан әскери қайраткерлер кімдер? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің қорғаныс саласының қалыптасып дамуына үлес қосқан әскери қайраткерлер кімдер?

06.05.2018

Дерек бойынша, Кеңес одағы тараған кезде Қазақстан аумағында 200 мыңнан астам жеке құрамы мен қуатты арсеналы бар, жоғары техникамен жарақтанған армия қалған екен. Сонымен бірге Ембі, Сарышаған, Семей, Байқоңыр әскери полигондары, ғарыш айлағы, 5-6 әскери қару-жарақ қоймасы ғана бар еді. Одан бері ширек ғасыр өтті. Осы мерзім белесінде Қазақ әскері соны соқпақтан өтті, талай қиындықты бастан кешірді. Сарбаздардың киімдерінен бастап, құрамына дейін, ауыздағы сөз – ұранына дейін ауысты.

25 жылда азат елдің айбынды әскері қалыптасты. Сөйтіп, 1995 жылдан бері - 7 мамыр Отан қорғаушылар күні болып аталып келеді. Еліміздің қорғаныс саласының қалыптасып дамуына үлес қосқан әскери қайраткерлер кімдер еді? Бүгін «Апта» сараптамалық орталығы шені бар, «мені» бар әскерилердің рейтингін түзді.

Айнұр ОМАР

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу