Алматыда мәдениет саласының дамуына сүбелі үлес қосқан белгілі азаматтар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мәдениет саласының дамуына сүбелі үлес қосқан белгілі азаматтар марапатталды

20.12.2018

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы, халық арасындағы достық пен ынтымақтықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Мемлекеттік Би театрының директоры Болат Аюхановқа I дәрежелі «Барыс» ордені, жазушы Смағұл Елубаевқа «Парасат» ордені берілді. Сондай-ақ, Алматы қаласы мен Алматы облысының да мәдениет үйлері мен өнер ордалары қызметкерлерінің де еңбегі еленіп, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері және Мәдениет саласының үздігі медалімен марапатталды. Ал, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының өнерпаздары дайындаған мерекелік концерт көпшіліктің көңілін бір серпілтті.  

Смағұл Абатұлы, жазушы:

- Өнер адамдары өзінің өнерімен күн сайын дерлік бүкіл халыққа қуаныш сыйлап отырады. Ал, оның өмірінде сол халықтың атынан мемлекеттің де қуаныш сыйлайтын кезі болады. Мынау орденді мен солай бағалаймын. Мемлекеттің халықтың атынан өнер адамдарына сыйлаған қуанышы деп бағалаймын.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу