Елімізде залалы көп астың жарнамасы шектелуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде залалы көп астың жарнамасы шектелуі мүмкін

29.04.2018

Ауру - астан. Соны біле тұра, құлаққа іле тұра, өзімізді зиянды тағамдардан тыя алмай келеміз. Сондықтан, осы залалы көп астың енді жарнамасы шектелмек. Денсаулық сақтау министрлігі қант, тұз, трансмайлардың сатылымына талапты күшейтпек ниетте. Мәселен, Финляндияда осындай 7 жылдық тәжірибе нәтижесінде ауру деңгейі 80 пайызға төмендеген. Дегенмен, сол трансмай түрлерінің жарнамасынан гөрі қолдану аясы кеңейгені қоғамды алаңдатып отыр. Мәселен, пальма майы сүт өнімдеріне қосылса, ағзаға өте зиян екен. Қазақстандық дәрігерлердің дабылы бұл. Өкініштісі сол, шетелден келетін бұл өнім көптеген азық-түліктерге жасырын түрде қосылады екен. Бірақ, импортына шектеу қойылар түрі жоқ. 2015 жылдан бері Қазақстанға құны 50 млн. доллар тұратын 46 мың 600 тонна пальма майы әкелінген. Импорт жылдан-жылға артып жатыр. Бірақ, қатерлі ауруға шалдықтыратын қатқыл майды шекарадан шектеуге құлық танытып отырған ешкім жоқ. Шетелдік өнім несімен зиян? Қандай тауарлардың құрамында бар?

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу