Талдықорғанда өзен жағасына көп мөлшерде белгісіз сұйықтық төгілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда өзен жағасына көп мөлшерде белгісіз сұйықтық төгілген

30.06.2022

Талдықорған маңындағы Қаратал өзенінің жағасына көп мөлшерде белгісіз сұйықтық төгілген. Қала тұрғынының хабарламасынан кейін оқиға орнына Экология департаменті, Табиғат қорғау прокуратурасының өкілдері, тәртіп сақшылары мен әкімдік қызметкерлері барып, тексеру жүргізді.

Қазір мамандар қара майға ұқсас заттың құрамы мен қоршаған ортаға келтірген залалы қандай екенін анықтап жатыр. Экологтардың алдын ала болжамы бойынша, көлік қозғалтқышының майы болуы мүмкін.

Тиісті сараптама тағайындалып, сұйықтықты төгіп кеткендер іздестіріліп жатыр. Сараптама қортындысы шыққан соң оны жою мәселесі қолға алынбақ.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу