Бас шаһарда өткен басты оқиғалар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас шаһарда өткен басты оқиғалар

29.04.2018

Биыл Астананың жиырма жылдық мерейтойын атап өтеміз. Сәулеті келіскен бағаналы ордамыз аз уақыттың ішінде Тәуелсіз елдің тұмарына айналды. Астана атағы алты алаштан асып, алты қырды басып өтіп — дүниенің төрт бұрышына жайылды, осы аралықта жаһанға барынша танылды. Елорда сонымен қатар, тек еліміздің бюрократиялық орталығы ғана емес, әлемнің алқалы жиындары өтетін айтулы ордаға айналды. Жиырма жылдың ішінде талай халықаралық саяси жиындар, ғаламдық экономиканы талқылаған басқосулар, жаһан руханиятын талдаған келелі кеңестер өтті. Спорттық һәм мәдени шаралар мен мега жобалар туралы да тоқтамай, толастамай айтуға болады.

Астана осы аралықта бітімнің, бейбітшіліктің, ғылымның, жаңалықтың қаласына айналып үлгерді. Төрткүл дүниенің мен деген тұлғалары, айтулы саясаткерлері, мақтаулы экономистері және азуы кере қарыс сарапшыларының бас қалада болмағандары санаулы. Үлкен саяси, экономикалық һәм рухани орталыққа айналған Астана қазір әлемдік қауымдастықта да тілге жиі тиек етілетін қала саналады. Осы ретте соңғы жылдары бас шаһарда өткен басты оқиғалар туралы «Апта» сараптамалық орталығы арнайы сараптама жасап шыққан еді.

 

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

Хабарламаларға жазылу