15 шілде – Түркияда Демократия мен ұлттық бірлік күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

15 шілде – Түркияда Демократия мен ұлттық бірлік күні

13.07.2022

Қазақстан мен Түркия - демократияны қорғау үрдістерінде бір-бірімен үндес елдер. Бүгін Алматыда өткен басқосуда Түркияның Бас консулы Әли Риза Акынжы осылай деді.

15 шілде - бауырлас елде Демократия мен ұлттық бірлік күні. 2016 жылы дәл осы күні Түркияның билігін құлатуды көздеген «Фетхуллахшылар лаңкестік ұйымына» тиесілі əскерлер төңкеріс жасауға тырысты. Алайда миллиондаған түрік азаматы бұл әрекетке қарсы шығып, ұлттық ерік-жігерiн білдірген еді. Қарулы қақтығыстардан 240 адам көз жұмып, 2700-дейі жарақаттанды. Қаза тапқандардың көбі - бейбіт тұрғындар. Бүгінгі жиында қос елдің қиын-қыстау кездегі қолдауы да сөз болды.

Әли Рыза Акынжы, Түркияның Алматы қаласындағы бас консулы:

Қазақстан мен Түркия әрдайым бір-біріне демеу. Біз мемлекеттердегі кез келген оқиғаға бей-жай қарамаймыз. Бүгін Түркиядағы Демократия мен ұлттық бірлік күніне орай бас қостық. Айтулы күнді еске алып әрі мұндай оқиғалар ел бірлігіне, татулығына қалай әсер ететіндігі жайлы талқыладық. Тыныштық - әр елдің басты құндылығы.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу