Алматылықтар қалалық әкімдіктен қоғамдық көлік мәселесін шешуді сұрайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар қалалық әкімдіктен қоғамдық көлік мәселесін шешуді сұрайды

22.04.2018

Алматыда қоғамдық көлік жыры жұрттың жан ауыртар жанайқайына айналды. Тұрғындарды титықтатқан мәселе көп жылдан бері шешімін таппай келеді. Тіпті сәрсенбі күні жүгенсіз жүргізушінің әрекетінен 24 жастағы бойжеткеннің қызғалдақ ғұмыры қыршыннан қиылды. Ата-анасы аңырап қалды. Жол үстіндегі түйткілді мәселені ретке келтірмесе, мұндай қайғылы жағдайдың қайталана бермесіне кім кепіл?! Алып Алатаудың баурайындағы мегаполисте қоғамдық көліктердің кесірінен болатын жол апаты жиілеп кеткен. Бұл күнделікті тіршілігін жол жүріп бітіретін шаһар тұрғындарын қатты алаңдатып отыр. Сондықтан, олар қалалық әкімдіктен бір емес, бірнеше жылға созылған қоғамдық көлік мәселесін шешіп беруді сұрайды. Ал, құзырлы органдар ақылды камералар орнатылғаннан кейін жалпы, көлік апаты азайып, жүргізушілер айылдарын жиып келеді деген пікірде.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу