«Қоқыс басылым» елдегі ғылымның дамуына шектеу қойып отыр ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қоқыс басылым» елдегі ғылымның дамуына шектеу қойып отыр ма?

14.01.2018

Әлемдік ғылым саласында «жыртқыш журнал», «қоқыс басылым» дейтін ұғымдар бар. Докторанттар, ғылыми зерттеумен айналысатындар жақсы түсінеді бұл сөзді. Бұл - ғылыми құндылығы көк тиынға татымайтын, рейтингтен жұрдай, бүгін бар, ертең жоқ басылымдар. Рейтинг қуған қазіргі заманда қазақстандық ғалымдардың дәреже-деңгейін шетелдік журналға шыққан мақаласымен өлшейтін үрдіс пайда болғаны жалған емес.

Бүгінде біздің елде  осы науқаншылдықты пайдаланған делдал топтар белең алды. Олар зерттеушілерге «Еңбектеріңді шетелдік журналдарға жариялауға көмектесеміз» деп жарнама жасайды. Ақысын алады. Ал, соңында мақаланың ешкім керек қылмайтын қоқыс басылымға басылғаны белгілі болады. Бұл келеңсіздік ғылыми қызметкердің алдағы жұмысына да айтарлықтай кері әсерін тигізеді.  

Өткен жылы біздің мамандар шетелдік журналдарға 2 мыңдай мақала жарияласа, соның 250-і осындай «қоқыс» басылымдарда жарық көріпті. Мұндай әумесерліктің шынайы ғылымның дамуын тежеп отырғаны өтірік пе? Өтірік емес. Ендеше шынның жүзін Шынар Асанқызы қайрасын.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу