Халық қалаулылары қаңтардың 3-нен 12-сіне дейін 16 өңірді аралап шыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық қалаулылары қаңтардың 3-нен 12-сіне дейін 16 өңірді аралап шыққан

14.01.2018

Жаңа жылға дейін, Жаңа жылдан кейін іркес-тіркес келетін мерекелердің дуы мен буы басылған соң, депутаттардың ел аралайтыны бар. Батыс пен шығыс, күнгей мен теріскейдегі ағайынның аужайына қаныққан олар аттың белін суытпастан осы аптада Астанаға қайта оралды. Жалпы, халық қалаулылары қаңтардың 3-нен 12-сіне дейін 16 өңірді аралап шыққан. Алыстағы ауылдарға да ат басын бұруға тырысқан. Қос палата өкілдері қала, аудан, ауыл тұрғындарымен, еңбек ұжымдарымен кездесіп, кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Депутатты халық сайлайды, демек сайлаушылардың алдында есеп беру - олардың міндеті.Сондықтан, мандат иелері осы сапарда жұртшылыққа Парламент қабырғасындағы заңнама жұмыстары туралы баяндап, түйінді түйткілдерді шешуге тырысып бақты. Түртіп алған мәселелерін Астанаға келгеннен кейін жауапты органдарға жеткіземіз деп уәде берді. Өңірлерде өрбіген диалогты Индира Бегайдар жеткізсін.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу