Осы аптада ел Президенті Бақытжан Сағынтаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада ел Президенті Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

19.11.2017

Ресей Халықаралық істер кеңесінің бағдарлама директоры Иван Тимофеев «Санкциялар тек Ресейдің ғана емес, аймақтағы өзге елдердің де қаржы жүйесіне кері әсер етеді», - деген еді. Ал, ол кері әсері тиетін аймақ қайсы? Сарапшы Еуразиялық экономикалық одаққа кірген елдерді меңзеп тұрған болуы керек.

Рас, Ресейге қарсы енгізілген санкциялардың біршама кері әсерін біз де сезе бастадық. Демек, біз алпауыттардың өзара текетіресінде кепілдікке қалған аманат құсап қалған секілдіміз. Ондай жағдайда қала беру кімге ұнасын?! Сондықтан, Елбасы өз сөзінде қазір 40-тан астам трансконтиненталдық тораптар барын айтып кетті. Олай болса, оңтүстігіміздегі елдер арқылы тауар тасымалын жандандыра түсуіміз қажет. Әйтпесе, жағдай осылай жалғаса берсе, экономикамыз мүлде тұралап қалуы ғажап емес.

Еліміздің экономикалық блогы үшін жауапты министрлер кабинетінің басшысы Бақытжан Сағынтаевты осы аптада ел Президенті арнайы қабылдады. Еліміздің саяси басшысы мен атқарушы билік басшысы арасында нендей әңгіме болғаны жайында және де басқа да Ақордада болған қабылдаулар жайлы тілшіміз айтып берсін.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу